Allur - ҚР аумағында автокөлік құралдарын өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық ірі автомобиль компаниясы. Әлемнің алты брендінің ресми дистрибьюторы және дилері: Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Hongqi және Skoda.
Біз автокөлік құралдарының барлық түрін шығарамыз. Біздің өндіріс Қостанай қаласында орналасқан. Бұл Қазақстандағы заманауи өнеркәсіптік өндірістің барлық талаптарына жауап беретін алғашқы зауыт.
Сандар
Компания
Құрылған күні: 2003 жылғы 15 сәуір.
Қызметкерлер саны: 4500-ден астам адам
Брендтер портфелі: 6 (Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Hongqi және Skoda)
Серіктестер ДО саны: 80-нен астам
Нарықтағы сату үлесі: 42%
Өндіріс
Зауыттың құрылған күні: 2010 жылдың 25 мамыры.
Қызметкерлер саны: 3000-нан астам адам
Өндірістік қуаты: жылына 127 600 автомобиль
Нарықтағы өндіріс бойынша үлесі: 61%
Жеке меншік сату орталықтары
Астана және Алматы қалаларында біздің 8 жеке дилерлік орталығымыз бар, оларда біздің өндірістегі автомобильдерді сатып алуға болады. Автомобильдерді қолма-қол ақшамен, несиеге немесе Trade-in бағдарламасы бойынша сатып алуға болады.
Allur орталықтарының әрқайсысының өзіндік сервистік орталығы бар, ол түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді ұсынады және кепілдікті қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Миссиясы:
Біз әрбір қазақстандық өз елінде өз мақсаттарына еркін әрі сенімді қадам басуы үшін кедергілерді жоямыз.