Жаңа Chevrolet-нің алғашқы модельдері жарық көрді

Жаңа Chevrolet-нің алғашқы модельдері жарық көрді

Қостанай қаласындағы Allur зауытында Chevrolet Оnix-тің алғашқы үлгілері конвейерден шықты.

Chevrolet Оnix - Қазақстанның автомобиль нарығындағы B-классты седандар сегментінің асыға күткен моделі. Естеріңізге сала кетейік, бұл сегментте екінші жыл қатарынан Chevrolet Cobalt көшбасшы болып келеді.

Chevrolet седандар желісінде жаңа ойыншы пайда болады: Оnix - алдыңғы жетекті және бес орындық автомобиль, ол қозғалтқыштың екі түрін таңдауға мүмкіндік береді - 1,2 л (90 а. к.) және 1,2 л Турбо (132 а. к.). Бірінші түрі бес жылдамдықты механикалық беріліс қорабымен, екіншісі алты жылдамдықты автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.

Автокөліктің заманауи дизайны және кеңейтілген опциялар жиынтығы бар, 10,6 секундта 100 км/сағ дейінгі жылдамдыққа үдей алады. Өндіруші мәлімдеген жанармай шығыны жиынтықталуына байланысты аралас режимде 100 км-ге 5,9 л-ден және қаладан тыс жерде 4,7 л-ден басталады.

Асыға күткен Chevrolet моделінің негізгі артықшылықтары:

1.Орыс тілді мәзір – мультимедиялық жүйеде толығымен орыстандырылған мәзір.

2.Жартылай автоматты тұрақ жүйесі – параллель немесе перпендикуляр жерлерде көмекшінің көмегімен тұрақтау.

3.Электрлі люк – осы сегменттегі автомобильдердің ұқсас опцияға ие болғандарының қатары кемде-кем.

4.Көлемді жүксалғыш бөлігі – жүксалғыш бөлігі 467 л.

5.«Жылы» опциялар – алдыңғы және артқы орындықтарды жылыту, артқы әйнекті жылыту және басқа да көптеген функционалды қосымша мүмкіндіктер.

Бұл модельдің өлшемдері: ұзындығы - 4474 мм, дөңгелек базасы - 2600 мм. Седанның Клиренсі - 136 мм.

 

 

Chevrolet Оnix-тің шығуы қазірдің өзінде Қазақстандағы әлеуетті сатып алушылардың жоғары қызығушылығын тудырып отыр.

 

Жаңа автомобильдің бағалары, жинақталуы және басқа да ақпарат 2023 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында өтетін тұсаукесерде жарияланатын болады.

Өтініш қалдыру